Украина дағдарысындағы соңғы оқиғаларға шолу; Ресей әскерлері Киевтен 25 км жерде
https://parstoday.ir/kz/news/world-i59612-Украина_дағдарысындағы_соңғы_оқиғаларға_шолу_Ресей_әскерлері_Киевтен_25_км_жерде
Ресей әскерлерінің алып бронетранспортері Украина астанасы Киевке баяу жақындап келеді. Бүгін, сенбі таңертеңнен бері Украинаның көптеген қалаларында әуе соққысы сиренасы қағылуда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2022 14:27 Asia/Almaty

Ресей әскерлерінің алып бронетранспортері Украина астанасы Киевке баяу жақындап келеді. Бүгін, сенбі таңертеңнен бері Украинаның көптеген қалаларында әуе соққысы сиренасы қағылуда.

 

 

Британ қорғаныс министрлігі өзінің соңғы барлау ақпаратында ресейлік күштердің негізгі бөлігінің  қазір Киев орталығынан 25 шақырым жерде екенін мәлімдеді. Ресей күштері де Украинаның жаңа аймақтарына ілгерілеп келеді, сенбі күні таңертең бүкіл ел бойынша әуе соққысының сиреналары естілді. Сирена Львов қаласының батысында, Одесса, Харьков және Сумыда, сондай-ақ ел астанасы Киевте естілді. Украиналық ақпарат құралдары да Ресейдің шабуылынан кейін Киев маңындағы Васильков ауданындағы мұнай кеніштерінде өрт шыққанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 3446 әскери инфрақұрылымының жойылғанына тоқталып: «Донецк күштері Новоандреевка, Крыловка және Благодатноеға  дейін сегіз шақырымға дейін алға жылжыды»,- деп жариялады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кеше Ресей әуе күштері Украинаның бес ұшқышсыз ұшағын атып түсірген. Украина армиясының жұма күнгі мәлімдемесіне сәйкес, Ресей күштері Украинаның шығысындағы Днепр қаласын басып алу үшін шабуылын кеңейтті. Сонымен қатар, Азов теңізіндегі Мариуполь, Керманчук, Никополь және Запорожье Ресей әскери шабуылының 17-ші күні нысанаға алынған ең маңызды қалалар деп аталды. Мариуполь мэрінің ұрланғаны туралы да ақпарат тараған.