Маранди: Вена келіссөздерінде келісілген қорытынды мәтін жоқ
Нау 13, 2022 20:20 Asia/Almaty
Иранның келісімгерлер делегациясының кеңесшісі: "Вена келіссөздері аяқталуға жақын, бірақ келісілген қорытынды мәтін жоқ",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Маранди ИИР-ға қарсы санкцияларды жою туралы келіссөздерді тоқтату туралы айта келіп, АҚШ пен еуропалық тараптардан келіссөздерді созуды доғаруды сұрады.
Бұдан бұрынырақ Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Катар Премьер-министрнің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Санимен телефон арқылы сұхбаттасып, АҚШ-тың жаңа тақырыптарды көтергенін сынға алып: "ИИР жақсы, мықты әрі тұрақты келісімге келуге шын ниетпен талпынып жатыр",-деп қуаттады.