Иран мен Канада мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жасау үшін ынтымақтастық жасайды
(last modified Sat, 23 Apr 2016 15:09:14 GMT )
Сәу 23, 2016 21:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Канада мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жасау үшін ынтымақтастық жасайды

Иран мұнай өнеркәсібінің қайраткері Иран мен Канаданың мұнай өнеркәсібіне қатысты жабдықтар жасау үшін келіскенін хабарлады.

Иран мұнай өнеркәсібі зерттеу орталығының технология және халықаралық істер бойынша орынбасары Әмир Аббас Хосейни: "Мұнай өнеркәсібі нысандары және осы өнеркәсіп үшін жабдықтар жасау бөлімінде канадалық бір компаниямен келісім жасалды. Келісім жақында Иранда жүзеге асырылады. Канадамен қоса, бірнеше еуропалық және азиялық елдермен де мұнай өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар мен мұнай қазандықтарын пайдалану үшін келісөз жүргізілді" деді.