Иран Сыртқы істер министрінің Ресейге сапары және оның нәтижелері
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан сейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу үшін делегацияның басқарып Мәскеуге сапармен барып, Ресей Сыртқы істер министрлігінде әріптесімен кездесіп, онымен екіжақты мәселелер, Вена кееліссөздері, Украина, Сирия, Йемен және Ауғанстан жағдайы туралы сөйлесті. Амир Абдоллахиан айтуынша, Ресей Венада соңғы келісімге қол жеткізуге дайын.
Иран Сыртқы істер министрі Лавровпен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында: «Ресей келісімге келуге кедергі болмайды және Украинадағы оқиғалар мен Вена келіссөздері арасында ешқандай байланыс жоқ. Ресей Вена келіссөздерінің басынан бері өте оң және сындарлы рөл атқарғандықтан, келіссөздердің соңына дейін Иранның жанында болып, жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізуді қолдайды»,- деді. Лавров сондай-ақ Амир Абдоллахианмен өткен келіссөздерді достық жағдайда деп сипаттап, халықаралық, сауда және экономикалық салалардағы Мәскеу-Теһран ынтымақтастығы жобасының әзірленгенін жариялады. Ресей Сыртқы істер министрі ешқандай заңсыз санкциялардың Иран мен Ресейдің алға ілгерлеуіне тосқауыл бола алмайтынын қуаттады. Ол Вена келіссөздеріне қатысты: «Мәскеу «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тезірек қайта жанданғанын қалайды және америкалықтар бұл келісімге оралып, заңсыз санкцияларды алып тастауы керек»,- деді. Батыс Ресейге қарсы психологиялық соғыс жүргізіп, соның ішінде Венадағы санкцияларды алып тастау туралы келіссөздер аясында және Мәскеудің Иран мен 4+1 және Ресей арасындағы түпкілікті келісімге жету жолына кедергі жасауды көздеп отырғаны туралы мәлімдеме жасаған жағдайда Иран Сыртқы істер министрі Вена келіссөздеріндегі Ресейдің сындарлы рөлін қуаттады. Ресей бұған дейін Украина соғысына байланысты Мәскеу жазалау үшін АҚШ-тың енгізілген санкцияларының бір бөлігі ретінде экономикалық және сауда қатынастарын босатуды талап еткен. Бірақ Ресейдің бұл өтінішіне АҚШ теріс жауап берді. Осыған байланысты АҚШ Ресейге Вена келіссөздерінде келісімге келуді қолдайтынын жариялау үшін санкцияларды жеңілдету туралы кез келген ұсынысқа қарсы болды. Халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Реза Забихи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қайта жаңғырту жөніндегі келіссөздердің үзілуі туралы: «Ядролық келіссөздердің тоқтатылуына Иран мен АҚШ арасындағы даудың жалғасуы себеп, ал Украина дағдарысы мәселесі қазіргі уақытта келіссөздердің тағдырына шешуші әсер етпейді»,- деді. Осылайша, доп қазір АҚШ жерінде. Иранның талаптарын толығымен қабылдау арқылы келісімге қол қойылады»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі Вена келіссөздеріндегі үзіліс қалған мәселелерді шешуге және барлық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне оралуына жол ашуы мүмкін деп тоқталып: «Тәуелсіз және қуатты Иранның мүдделері мен қағидаттарын қорғау және Иран халқының мүдделерін қамтамасыз ету Иранның келіссөздер тобының маңызды мәселесі болып табылады»,- деп баса айтты. Амир Абдоллахианның айтуынша, «доп Американың алаңында, келіссөздер сәтті аяқталуы үшін АҚШ қажетті жауаптарды беруі керек. Егер американдық тарап шынайы болса, біз Венадағы келіссөздерге қатысушы барлық тараптардың қолдауымен жақсы, күшті және ұзақ мерзімді келісімді аяқтаймыз». Қорыта айтқанда, егер АҚШ шынымен Вена келіссөздерінің нәтижесінің аяқталуын қаласа, ол өзінің жаңа талаптарынан бас тартып, Иранның принципті талаптарына, атап айтқанда біржақты санкцияларды алып тастауға, мұны тексеруге және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан қайтадан бас тартпайтынына кепілдік беруі керек.