Əлем нарығында мұнай бағасы өсті
(last modified Fri, 18 Mar 2022 13:11:06 GMT )
Нау 18, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Əлем нарығында мұнай бағасы өсті

Oil Price сайтының статистикасына сəйкес, жұма күнгі саудада Теһран уақыты бойынша сағат 10:00-да əлем нарығында мұнай бағасы өсті.

West Texas Intermediate жеңіл əрі шикі мұнай бағасы сəуір айында беру шартымен 2 доллар 76 центке өсіп, барреліне 105 доллар 74 центке жетті.

Солтүстік теңіздегі Brent жеңіл шикі мұнайдың бағасы сəуір айында беру шартымен бұрынғы саудаға қарағанда 2.41 пайызға артып, барреліне 109 доллар 05 центке жетті.

OPEC мұнайының бағасы да 1 доллар 20 центке артып, барреліне 104 доллар 6 центке жетті.

Тегтер