Ресей Батысқа: Қателіктеріңді мойындап, Иранның талаптарын орындаңдар
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Венадағы санкцияларды алып тастау жөніндегі келіссөздеріне қатысқан батыстық тараптарды Ресейді кінәлаудың орнына өз қателіктерін мойындап, Иранның заңды талаптарын орындауға шақырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінің Twitter парақшасы жұма күні кешке Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Мария Захароваға сілтеме жасап: «Ресейдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемесіне күмәндану – қателіктерін мойындай алмайтындардың ойын картасы. Біз Батыс серіктестерімізге өз күштерін Иранның келісім жобасына қатысты заңды талаптарын шешуге бағыттауды ұсынамыз»,- деп жазды.