Украина астанасында бірнеше жарылыс болды
Нау 21, 2022 11:22 Asia/Almaty
Дүйсенбі күні таңертең ақпарат көздері Украина астанасы Киевте Ресейдің қалаға зымыранмен атқылауы нәтижесінде бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев мэрі Виталий Кличко Киевтің Подольский ауданындағы бірнеше ғимарат пен сауда орталығы зымырандардың нысанасына алынғанын және шабуылдан бір адам қаза тапқанын айтты.
Ресейлік дереккөздердің хабарлауынша, ресейлік әскерилер Каспий теңізіндегі кемелерінен Украинаның шығысындағы нысандарға бірнеше теңіз қанатты зымырандарын атқылаған. Ресей Қорғаныс министрлігі де мәлімдемесінде Мариупольдегі украин күштерін қаруларын тастап, берілуге шақырды.