Зеленскийдің экономикалық кеңесшісі Украинадағы соғыстың 100 миллиард долларға жуық шығынын мойындады
(last modified Wed, 23 Mar 2022 09:19:25 GMT )
Нау 23, 2022 15:19 Asia/Almaty
  • Зеленскийдің экономикалық кеңесшісі Украинадағы соғыстың 100 миллиард долларға жуық шығынын мойындады

Украина президентінің экономикалық кеңесшісі соғыстың бірінші аптасынан кейін бұл елдің экономикасына 100 миллиард долларға жуық шығын келгенін айтты.

 

 

Олег Устенко сейсенбі күні кешке  Катардың «Әл-Жазира»  телеарнасына берген сұхбатында: «Елдегі соғыстың экономикалық салдары өте ауқымды және Украина экономикасының барлық секторлары, әсіресе ауыл шаруашылығы саласы соғыстан зардап шекті»,- деді.

Халықаралық валюта қоры де бұған дейін Украинадағы соғыс пен Батыстың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан әлемдік экономикаға ауыр соққы болатынын ескерткен.