Нау 23, 2022 15:55 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізуге толық дайын

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан сейсенбі күні кешке Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдул Рахман әл-Танимен Вена келіссөздері туралы телефон арқылы сөйлесуінде мүдделерге және Иран халқының және Ислам Республикасының қызыл сызықтары назар аудару қажеттігін қуаттап, Теһранның жақсы, күшті және ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізуге толық дайын екенін мәлімдеді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Катар Сыртқы істер министрі де Иранның Вена келіссөздеріндегі сындарлы рөлі үшін алғыс айтып, барлық тараптардың келісімге келуі қажеттігін қуаттады.

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері осы телефон арқылы сөйлесуінде екі жақты қарым-қатынастардың дамуын қадағалап отыру, сондай-ақ аймақтық және халықаралық аренада ортақ алаңдаушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу үшін екі елдің үздіксіз кеңесуінің  маңыздылығына тоқталды.

 

Тегтер