Ресей авиациялық санкцияларға қарсы тұру саласында Иран тәжірибесін пайдаланады
Нау 23, 2022 11:33 Asia/Almaty
Ресейдің Көлік министрі сейсенбі күні Батыс елдерінің бұл елдің авиация өнеркәсібіне қарсы санкцияларына сілтеме жасап: «Мәскеу Иранның санкциялар аясындағы ұшақтарға қызмет көрсету тәжірибесі негізінде әрекет етеді»,- деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Көлік министрі Виталий Савельев сейсенбі күні елдің Экономикалық саясат комитетінің отырысында Батыс елдерінің санкциялары салдарынан Ресейдің 78 ұшағын шетелде басып алғанына тоқталып: «Мәскеу әуе флотына қызмет көрсету үшін Иран тәжірибесіне сүйенеді. Өйткені Батыстың санкцияларына байланысты Теһран да осындай жағдайға тап болған»,- деп мәлімдеді.