АҚШ пен ЕО сұйытылған табиғи газ экспортын арттыруға келісті
АҚШ Президенті Джо Байден жұма күні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен Брюссельдегі бірлескен баспасөз мәслихатында: «Еуроодақтың ресейлік газға тәуелділігін азайту үшін біз осы жылдың соңына дейін бұл Одаққа қосымша 15 миллиард текше метр сұйытылған табиғи газды жібереміз», - деді.
Байден АҚШ-тың ЕО нарығына 2030 жылға қарай жыл сайын 50 миллиард текше метр қосымша сұйытылған табиғи газ беретінін айтып: «Біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ЕО-мен жұмыс істейтін боламыз, бірақ ресейлік газдан тәуелсіз болу ЕО үшін қымбат екенін білеміз»,- деп мәлімдеді. Еурокомиссия басшысы сондай-ақ 50 миллиард текше метр газ ресейлік газдың үштен бірін алмастыратынын айтты. Дегенмен, Катар энергетика министрі елдегі газды алмастыру іс жүзінде мүмкін емес екенін растады, себебі әлем бойынша газ жеткізудің 30-40 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді. ЕО елдерінің тұтынуының шамамен 40 пайызын құрайтын Ресейден импортталатын газға ЕО-ның айтарлықтай тәуелділігі мәселесі Брюссельдің Вашингтонның Ресейге қарсы мұнай және газ санкциялары саясатын ұстануына кедергі ретінде қарастырылды. Жақында Джо Байденнің Ресейден мұнай, газ және олардың өнімдерін импорттауға санкция жариялағанына қарамастан, еуропалықтар Ресейден газ импорттауды жалғастыратындарын ашық айтты. Қазіргі кезде Вашингтон мүмкіндігінше тезірек ресейлік газға тәуелділігін азайту үшін шаралар қабылдау үшін шұғыл әрекет етіп жатқан сияқты. Осы арқылы Байден әкімшілігі трансатлантикалық қарым-қатынастарды жандандырып, Еуропаны АҚШ-қа тәуелді етуді көздейді. Байден әкімшілігінің бұл қадамы Ресей мен Еуроодақ арасындағы соңғы газ шиеленісі аясында да мағыналырақ. Ресей Президенті Владимир Путин Еуропаға ресейлік газ экспорттау үшін еуро мен доллардың орнына рубльмен есептесуді талап етіп, елдің «дос емес елдермен» газ келісімі бұдан былай тек рубльмен жасалатынын өуаттады. Ол рубльді құнсызданудан құтқаруды көздеп отыр.
Егер Ресей газ экспортында доллармен және еуроны рубльмен алмастырса, Батыстың өз экономикасына салған санкцияларының зиянын азайтуы мүмкін. . Италия премьер-министрінің экономикалық кеңесшісі Франческо Джавацци: «Мәскеу газ экспортының бағасын рубльмен алу арқылы еуропалық санкцияларды әлсіретуді қалайды», - деді.
Осылайша Батыс пен Ресей арасындағы текетірес күшейіп, жақын арада тіпті энергетика саласын да қосатын сыңайлы. Шын мәнінде, Еуропа Ресейге тәуелділігін азайта алады, бұл Путиннің рубльмен экспортталатын газ бағасына деген сұранысына байланысты да, сұйытылған табиғи газ экспортын ұлғайту үшін АҚШ-тың ынталандыруларына байланысты.Бұл өте қымбат және қиын болады, әсіресе Ресей үшін Еуропа халқы.