Ақ үй: Байден Ресейде режимді өзгертуді қаламайды
(last modified Mon, 28 Mar 2022 07:19:16 GMT )
Нау 28, 2022 13:19 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Байден Ресейде режимді өзгертуді қаламайды

АҚШ Президенті Джо Байденнің Ресей Президентін биліктен кетіру туралы сөздерінен кейін Ақ үй бірден Байденнің бұл елде режимді өзгерткісі келмейтінін мәлімдеді.

Джо Байден сенбі күні кешке Польшада: «Владимир Путин Ресейде билік басында қала алмайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй: «АҚШ Президентінің пікірінше, Путинге көршілес немесе аймақ елдеріне зорлық көрсетуіне жол бермеу керек»,-деп мәлімдеді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ Президенті Путиннің Ресейдегі билігі немесе режимді өзгерту туралы сөз қозғамаған.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Байденнің сөздеріне реакциясында: «Ресейде билікті өзгерту туралы шешім қабылдау Байденнің құзыретінде емес. Ресей федерациясының халқы ғана оны сайлау арқылы өзгерте алады»,-деді.

Тегтер