Ресей мен Украина Түркияда келіссөз өткізуге уағдаласты
Нау 28, 2022 18:27 Asia/Almaty
Түркия Сыртқы істер министрі осы елде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі өтеді деп хабарлады.
Мавлют Чавушоғлы Твиттердегі жеке парақшасында: «Түркия Президентінің талпынысымен осы елде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі өтеді»,-деп жазды.
Түркия Сыртқы істер министрі: «Бұл келіссөздер атысты тұрақты түрде тоқтатып, бейбітшілік орнату бітіміне ұласуы тиіс»,-деді.
Түркия 10 наурыз Анталияда Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлерін қабылдады. Алайда келіссөздер нәтижесіз аяқталған болатын.
Тегтер