Стамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі өтті
(last modified Tue, 29 Mar 2022 13:04:29 GMT )
Нау 29, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Стамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі өтті

Стамбұлда Ресей мен Украина делегациялары келіссөзінің жаңа кезеңі Түркия Президентінің сөз сөйлеуімен басталды.

Анадолы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылы 29 наурызда Стамбұлдағы "Долме Бақша" сарайында Ресей мен Украина делегацияларының атысты тоқтату бітімін орнату туралы келіссөзі басында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған: "Əділетті бейбітшілік орнаса, жеңілген тарап болмайды. Қақтығыстардың жалғасуы ешкімнің мүддесіне сай келмейді",-деді.

Ердоған: "Біз халықаралық сахналарда ынсапты қатынас көрсету арқылы Ресей мен Украинаның құқықтары мен заңдарын сақтайтынымызды көрсеттік",-деді.

Түркия Президенті: "Анкара Қара теңіздің солтүстігінде осыған ұқсас оқиғалардың орын алуына тосқауыл қоюға тырысады",-деді.