Иранның Мұнай министрі: Араш ортақ газ кен орнын бұрғылау жуырда басталады
Араш газ алаңы - Иран, Кувейт жəне Сауд Арабиясының ортақ кен орны. Ол Парсы шығанағының солтүстігіндегі Иранның Хормозган облысында орналасқан.
Х.ш.ж.с.б 1401 жылы 2 фарвардинде Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман мен Кувейттің Энергетика министрі Мұхаммед Абдуллатиф əл-Фарс Парсы шығанағындағы Араш газ кенін дамыту құжатына қол қойды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Мұнай министрі Джавад Оуджи Твиттердегі жеке парақшасында: "Араш ортақ кен орнындағы зерттеулер барлау жұмыстарын жүргізумен толықтырылады",-деді.
Оуджи: "Жуырда кен орнында тұғыры орнатылып, барлау жұмыстары аяқталды",-деді.
Иранның Мұнай министрі: "Иран ортақ кен орындарын дамыту үшін келіссөз жүргізіп, əріптестік жасауға ниетті. Бірақ біржақты шаралар Араш ортақ алаңында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге кедергі болмайды",-деді.