Стамбұл келіссөздері және Украинаның Еуроодаққа мүше болу қажеттігі
(last modified Wed, 30 Mar 2022 23:01:08 GMT )
Нау 31, 2022 05:01 Asia/Almaty
  • Стамбұл келіссөздері және Украинаның Еуроодаққа мүше болу қажеттігі

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі сейсенбі күні Стамбұлда өтті. Украина делегациясының басшысы Давид Арахамия Ресеймен келіссөздерден кейін: «Украинаның Еуроодаққа қосылуына ешкім кедергі бола алмайды»,-деп мәлімдеді.

Ол қос тараптың әлі кейбір мәселелер бойынша келісімге келмегенін және Украина тарапының Ресейден ешқандай растау алмағанын айтып: «Ресеймен қандай да бір келісім жасалғанда Украина референдум өткізеді»,-деді.

Стамбұл келіссөздерінде талқыланған маңызды мәселе Украинаның НАТО-ға қосылудан бас тартып, бейтараптықты сақтауы болды. Сонымен бірге Украинаның Еуроодаққа мүше болу қажеттігі баса айтылды. Бұл мәселе Ресей тарапынан да қабылданды. Бұған дейін Зеленский өзінің бұрынғы ұстанымын өзгертіп: «Мәскеумен бейбіт үдерісте өзінің талаптарынан кері шегініп, Батыс пен Ресей арасында бейтарап елге айналуға дайынмыз»,-деп мәлімдеді.

Украинаның бұрынғы Президенті Петр Порошенко: «Украинаның Еуроодақ пен НАТО-ға мүше болуы – біз үшін стратегиялық мақсат»,-деді. Бұған қарамастан, Еуроодақ Зеленскийдің бұл өтінішіне оң реакция білдірмеді. Украинаның Еуроодаққа қосылуға құштарлығына қарамастан, Брюссель Киевтің осы талабына салқын жауап берді. Еуроодақтың ең маңызды елі және Еуропаның ең ірі экономикасы ретіндегі Германияның Украинаның осы одаққа мүше болуына қарсылығы Зеленскийдің осы одаққа жылдам мүше болу үмітін көкке ұшырды. Еуропа Парламенті 2022 жылы наурызда Украинаның Еуроодаққа мүше болу өтінішін қабылдаса да, бұл салада оң перспектива байқалмайды.

Еуроодақтың критерийлері мен стандарттары және Киевтің осы стандарттарға, әсіресе қаржы және әкімшілік жемқорлық саласындағы критерийіне сай болмауын ескерсек, жалпы Зеленскийдің Украинаны Еуроодаққа жедел қосу өтінішін орындау мүмкін емес. Қазір Украина сыбайлас жемқорлық тұрғысынан әлем бойынша 117-ші орында. Еуропада қаржы және әкімшілік жемқорлық тұрғысынан ең жемқор ел саналады. Украинаның экономикалық жағдайы да соңғы жылдары күн сайын құлдырап барады. Осының барлығы бұл елдің Еуроодақта мүше болу ықтималын тым азайтып жіберді. Еуроодақтың осы ұйымға мүше болғысы келетін елдерге қойған ең маңызды талаптардың бірі – көршілес елдермен барлық шекаралық қайшылықтарды шешу. Осылайша Ресей Украинаның Еуроодаққа қосылуына қарсы болмаса да, мұның бір ұзақ үдеріс екенін жақсы біледі. Сондықтан бұған қатысты реакция білдірмеді. Ресейге маңыздысы – Украинаның НАТО-ға қосылуына жол бермеу.      

Тегтер