Теһранда елшілер мен шетелдік дипломаттардың қатысуымен Ұлттық ту мерекесі тойланды
12 фарвардин Иран Ислам республикасының күнімен бір мезгілде Теһранда елшілер мен шетелдік дипломаттардың қатысуымен Ұлттық ту мерекесі тойланды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық ту мерекесі биыл сегізінші рет "Көктем шырайы" атты Наурыз фестивалі аясында Теһранның Аббасабад мəдени-туристік кешенінде өтті.
Теһран қаласының əкімі Əлиреза Закани осы рəсімде əр елдің туы мен əнұраны сол халықтың арман-мақсаттары мен жүрек қалауын білдіретінін айтып: "Иран Ислам революциясы əлемдегі басқа революцияларға керісінше референдумға ұласты. Онда дауыс берушілердің 98,2 пайызы Ислам республикасына оң дауыс берді",-деді.
Бұл рəсімде елдің ең үлкен əрі ең ауыр туы - салмағы 300 кг, көлемі 22×46, сəйкесінше ауданы 1024 шаршы метр - 150 метрлік тұғырда желбіреді.




