Кремль Ресейдің мұнай қоймасының бомбалануына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60054-Кремль_Ресейдің_мұнай_қоймасының_бомбалануына_реакция_білдірді
Ресей Президентінің баспасөз өкілі Украинаның Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай қоймасын бомбалануын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2022 10:42 Asia/Almaty

Ресей Президентінің баспасөз өкілі Украинаның Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай қоймасын бомбалануын айыптады.

Украина 1 сəуірде Ресей жеріне алғаш рет шабуыл жасап, бір бензин резервуарын нысанаға алды.Ресейдің Белгород қаласының қолбасшысы Вячеслав Гладковтың айтуынша, Украинаның екі тікұшағы осы аудандағы бір мұнай қоймасына шабуыл жасады.

Осы мұнай қоймасының иесі "Роснефть" компаниясы өз мəлімдемесінде: "Бұл шабуылда ешкімге зарар келген жоқ",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президентінің баспасөз өкілі Дмитрий Песков жұма күні Украинаның Ресей нысандарын бомбалауын жағдайды ушықтыратын əрекет деп атап: "Бұл əрекет Мəскеу мен Киевтің диалогын жалғастыруға қолайлы жағдай жасайтын қадам емес",-деді.