АҚШ халқы Мексикамен шекаралас аймақтан арзан бензин сатып алуға асығып жатыр
Сәу 03, 2022 10:50 Asia/Almaty
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мексика үкіметі елде бензин бағасын төмендету үшін субсидия бөлді.
Бірақ бұл саясатты АҚШ-қа шекаралас аудандарда орындамайды. Өйткені америкалық азаматтар арзан бензин сатып алу үшін шекаралық ауданға лап қойды.
АҚШ халқының арзан бензин сатып алуға ұмтылуы Мексиканың АҚШ-пен шекарасында бензин тапшылығына алып келді. Мексиканың Қаржы министрлігі өз мәлімдемесінде: "АҚШ-та бензин бағасы Мексикадан қымбатырақ. Сондықтан АҚШ азаматтары бензин сатып алып, сақтау үшін Мексика шекарасынан өтеді",-деді.