Мәскеу: Беларусьқа қарсы әскери әрекет Ресейге шабуыл деп саналады
Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей Беларусьқа жан-жақты әрі толық әскери қолдау көрсетеді. Мәскеу Минскке қарсы жасалған кез келген шабуылды өзіне шабуыл деп түсінеді",-деп мәлімдеді.
Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков: "Біз қорғаныс саласында өзара міндеттемелерге ие болып, алдымен өз одағымыз аясында, екіншіден Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында біріктік",-деп еске салды.
Песков Ресей мен Беларусьтың бір-бірін қолдайтынына тоқталып: "Бұған ешқандай күмән жоқ",-деді.
Ресей Президенті Владимир Путин 21 ақпанда Батыс елдерінің Мәскеудің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарына көңіл аудармағанын сынап: "Донбасс аймағында Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін ресми таныды",-деп мәлімдеді.