Мәскеу: Беларусьқа қарсы әскери әрекет Ресейге шабуыл деп саналады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60074-Мәскеу_Беларусьқа_қарсы_әскери_әрекет_Ресейге_шабуыл_деп_саналады
Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей Беларусьқа жан-жақты әрі толық әскери қолдау көрсетеді. Мәскеу Минскке қарсы жасалған кез келген шабуылды өзіне шабуыл деп түсінеді",-деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 03, 2022 11:13 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Беларусьқа қарсы әскери әрекет Ресейге шабуыл деп саналады

Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей Беларусьқа жан-жақты әрі толық әскери қолдау көрсетеді. Мәскеу Минскке қарсы жасалған кез келген шабуылды өзіне шабуыл деп түсінеді",-деп мәлімдеді.

Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков: "Біз қорғаныс саласында өзара міндеттемелерге ие болып, алдымен өз одағымыз аясында, екіншіден Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында біріктік",-деп еске салды.

Песков Ресей мен Беларусьтың бір-бірін қолдайтынына тоқталып: "Бұған ешқандай күмән жоқ",-деді. 

Ресей Президенті Владимир Путин 21 ақпанда Батыс елдерінің Мәскеудің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарына көңіл аудармағанын сынап: "Донбасс аймағында Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін ресми таныды",-деп мәлімдеді.