Амир Абдуллахиан: АҚШ Вена келіссөздерінің созылып кетуіне тікелей жауапты
(last modified Mon, 04 Apr 2022 13:05:51 GMT )
Сәу 04, 2022 19:05 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚШ Вена келіссөздерінің созылып кетуіне тікелей жауапты

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың кейбір ирандық жеке тұлғалар мен компанияларға қарсы қайта салған санкцияларын сынап, АҚШ-ты Вена келіссөздерінің созылып кетуіне тікелей жауапты деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні кешке Оман Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамд ул-Бусаидимен телефон арқылы сұхбатында АҚШ тарапынан кейбір ирандық жеке тұлғалар мен компанияларға қарсы қайта салынған санкцияларды сынап: «ИИР бір жақсы әрі тұрақты келісім жасауға дайын, бірақ АҚШ кейбір шектен тыс талаптарымен келіссөздердің осы уақытқа дейін созылып кетуіне тікелей жауапты болып отыр»,-деп еске салды.   

Амир Абдуллахиан қазір Йеменде маңызды істің атысты тоқтатумен бір мезгілде антигуманистік қоршауды толық алып тастау екенін айтып: «Қазіргі таңда Йемен халқына гуманитарлық көмектер жөнелту аса маңызды»,-деді.

Бадр бен Хамд ул-Бусаиди осы телефон арқылы сұхбатта Иран халқы мен үкіметін Рамазан айының басталуымен құттықтап, Йеменде атысты тоқтату бітімінің орнағанына қолдау білдірді.

Тегтер