Буча оқиғасы: Украина мен Ресей бір-бірін айыптауда
(last modified Mon, 04 Apr 2022 15:01:31 GMT )
Сәу 04, 2022 21:01 Asia/Almaty
  • Буча оқиғасы: Украина мен Ресей бір-бірін айыптауда

Ресей күштері Киевтің айналасынан кері шегінгеннен кейін Буча қаласынан суреттер таралған соң Батыс ақпарат құралдары: «Ресей күштері Украина астанасы маңынан шығарда бейбіт тұрғындарды атып тастады»,-деп хабарлады.

Буча қаласында түсірілген суреттерде бейбіт тұрғындардың мәйіттерінің көшелер мен тротуарларда шашылып жатқаны көрсетілген. Батыс ақпарат құралдарының Буча тұрғындарына сілтеме жасап хабарлауынша, бейбіт тұрғындар ешбір дәлелсіз ресейлік әскерилер тарапынан өлтірілді. Бұл айыптауға Мәскеу үкіметі жылдам реакция білдірді. Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратып, Украинаның Бучада бейбіт тұрғындардың өлтірілгені туралы айыптауларын теріске шығарып, оны тағы бір арандатушы әрекет деп атады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде, сондай-ақ: «Ресейдің барлық бөлімшелері Ресей мен Украина делегацияларының Түркиядағы келіссөздерінен бір күн өткен соң 30 наурызда Бучадан толық шықты»,-делінген. Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов «Ресей күштері Бучада украиналық бейбіт тұрғындарды өлтірді» деген айыптауларға реакциясында: «АҚШ бұл қаланың Украина армиясы тарапынан атқыланғанын әдейі жасырып отыр»,-деді.

Батыс елдерінің Буча оқиғасына қатысты психологиялық және жарнамалық соғысын назарға ала отырып, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесі отырысының өткізілуін талап етіп, оның тақырыбын «Украиналық экстремистердің Буча қаласындағы  арандатушы әрекеті» деп атауды ұсынды. Мәскеудің бұл өтініші Украинаның түрлі өңірлеріндегі  содырлардың әрекетін ескергенде шынайы мәнге ие болады. Бучада бейбіт тұрғындардың өлтірілгені туралы суреттер мен видеолар осы қалаға Украина қауіпсіздік күштері кіргеннен кейін таратыла бастады. Бұл мәселе украиналық содыр топтардың осы іске қатысы болуы ықтималын арттыра түсті.

Ең маңызды содыр топтардың бірі – Азов батальоны. Бұл топ 2014 жылы мамырда Украина дағдарысы барысында құрылды. Азов батальоны – оңшыл экстремистік топ. Онда неонацистер ашық түрде әрекет етеді. Украина соғысы барысында да Азов батальоны Ресей күштерінің қоршауында болған Мариуполь қаласынан Украина азаматтарын шығармауда маңызды рөл атқарды. Шын мәнінде бұл содырлар бейбіт тұрғындарды Ресей армиясының шабуылына қарсы тірі қалқан ретінде пайдалануға тырысты.