Ресей Украинаның теміржол вокзалына зымырандық шабуыл жасады деген мәлімдемесін жоққа шығарды
Сәу 08, 2022 21:14 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның елдің шығысындағы теміржол вокзалына зымырандық шабуыл жасалды деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
Украина билігі жұма күні Ресейдің Украинаның шығысындағы Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына зымырандық соққысынан 30 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын уәжденді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның «Ресей зымыранының Украинаның Краматорск қаласындағы теміржол станциясына тиді» деген мәлімдемесін теріске шығарып, оны арандатушылық деп атады. Ресей Қорғаныс министрлігі сондай-ақ жұма күні Ресей қарулы күштерінің Краматорск қаласында ешқандай операция орындамағанын жариялады.
Тегтер