Иранның Еуразиямен саудасының құны 5 миллиард 643 миллион доллар құрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60204-Иранның_Еуразиямен_саудасының_құны_5_миллиард_643_миллион_доллар_құрады
Иран Кеденінің өкілі ИИР-Еуразия арасындағы сауданың құны 5 миллиард 643 миллион долларға жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 09, 2022 11:08 Asia/Almaty
  • Иранның Еуразиямен саудасының құны 5 миллиард 643 миллион доллар құрады

Иран Кеденінің өкілі ИИР-Еуразия арасындағы сауданың құны 5 миллиард 643 миллион долларға жеткенін хабарлады.

Еуразиялық экономикалық одақ бес елден тұрады: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь және қол қойылған келісім бойынша, бұл елдерге жеңілдетілген тарифтерді пайдалану арқылы ирандық тауарлардың 502 түрі жеткізіледі. Иран Кеденінің өкілі: "1400 жылы Иран мен Еуразиялық экономикалық және кедендік одақ мүшелері арасында 5 миллиард 643 миллион долларға 13 миллион 127 мың тоннадан астам тауар айырбасталды. Бұл салмақ бойынша 51% және құндық бойынша 66% өсімді көрсетеді»,- деді.