Франциялық компания Иранға 1,5 млн доллар төлеуге міндеттелді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60342-Франциялық_компания_Иранға_1_5_млн_доллар_төлеуге_міндеттелді
Иран үкіметінің баспасөз өкілі Халықаралық арбитраждық соттың үкімімен бір франциялық компанияға қатысты соттың Иранның мүддесіне шешілгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2022 11:35 Asia/Almaty
  • Франциялық компания Иранға 1,5 млн доллар төлеуге міндеттелді

Иран үкіметінің баспасөз өкілі Халықаралық арбитраждық соттың үкімімен бір франциялық компанияға қатысты соттың Иранның мүддесіне шешілгенін хабарлады.

Иран үкіметінің баспасөз өкілі Әли Бахадори Джахроми Твиттердегі жеке парақшасында: «Халықаралық арбитраждық сот франциялық газ компаниясының 37 млн доллар көлеміндегі талабын қабылдамай, бұл компанияны Иранға 1 млн 500 мың доллар төлеуге міндеттеді»,-деп жазды.

Бахадори Джахроми: «Бір ирандық адвокаттың осы істі ілгерілетудегі сәттілігі халықаралық қауымдастықта Иран халқының құқықтарын сақтау үшін отандық заңгерлердің рөлін нығайту қажеттігін көрсетеді»,-деді.