Украинадағы өзгерістер
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60422-Украинадағы_өзгерістер
Украина президенті Ресейдің Украинаның шығысындағы Донбаста операциясының басталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 19, 2022 09:06 Asia/Almaty

Украина президенті Ресейдің Украинаның шығысындағы Донбаста операциясының басталғанын хабарлады.

Украина басшыларының айтуынша, соғыстың осы кезеңінде ресейлік күштер Украинаның шығысын, оның ішінде Донецк пен Луганскіні толығымен бақылауға алуға талпынуда. Ресей  операцияның басталуы туралы ешнәрсе айтқан емес. Бірақ Донбассқа шабуыл басталса, бұл Ресейдің Украинадағы әскери операциясының екінші кезеңі болады. Шығыс Украинаның едәуір бөлігі ресейлік жақтастардың бақылауында. Кеше түнде Ресей әскерлері Украинаның батысындағы Львов қаласын зымыранмен атқылаған. Украина астанасы Киевтің шетіндегі бірнеше ауданға да зымыран атқыланды. Ресей бұл шабуылдарда Батыстың бірнеше қару-жарақ қоймасын жойғанын мәлімдеді.

Украинаның Мариуполь қаласында ресейлік күштерге берілген екі британдық жалдамалы сарбаз өздерінің премьер-министрі Борис Джонсонды оларды Украинаның оппозициялық саясаткері Виктор Медведчукпен айырбастау үшін Украинаға қысым көрсетуге шақырды. Бұл Ресей тараптас саясаткерді Украина қауіпсіздік күштері қамауға алды.