Энергия нарығында шикі мұнай бағасы қайтадан көтерілді
(last modified Tue, 19 Apr 2022 08:04:30 GMT )
Сәу 19, 2022 14:04 Asia/Almaty
  • Энергия нарығында шикі мұнай бағасы қайтадан көтерілді

Мұнайдың әлемдік бағасы инвесторлардың ұсыныс нарығының болашағына алаңдауынан тағы да көтерілді.

 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұнай нарығының сарапшылары әлемдік мұнай жеткізілімінің шамадан тыс төмендеуін ескере отырып, энергетика нарығындағы кез келген бұзылу шикі мұнай бағасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін деп санайды.

Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнайы Нью-Йорк тауар биржасында 1,3 пайызға өсіп, барреліне 113,16 долларды құрады. West Texas Intermediate 1,2 пайызға қымбаттап, барреліне 108,21 долларды құрады. Кейбір ақпарат дереккөздердің хабарлауынша, ресейлік мұнай өндіру сәуір айының бірінші жартысында наурыз айымен салыстырғанда шамамен 7,5 пайызға төмендеген.

 

Тегтер