Ресей: Біздің мақсатымыз - Донбассты толық бақылауға алу және оны Қырыммен байланыстыру
https://parstoday.ir/kz/news/world-i60506-Ресей_Біздің_мақсатымыз_Донбассты_толық_бақылауға_алу_және_оны_Қырыммен_байланыстыру
Ресейлік қолбасшы Украинадағы әскери операциялардың екінші кезеңін бастау мақсатын Қырымды Донбассқа, одан кейін Молдованың шығыс бөлігіне қосу екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 22, 2022 13:49 Asia/Almaty
  • Ресей: Біздің мақсатымыз - Донбассты толық бақылауға алу және оны  Қырыммен байланыстыру

Ресейлік қолбасшы Украинадағы әскери операциялардың екінші кезеңін бастау мақсатын Қырымды Донбассқа, одан кейін Молдованың шығыс бөлігіне қосу екенін айтты.

 

Financial Times Ресей ақпарат құралына сілтеме жасап, Ресей армиясы қолбасшысы Рустам Миннекаев: «Украинадағы операцияның екінші кезеңі екі күн бұрын басталды. Ресей армиясының міндеттерінің бірі - Донбасс пен Украинаның оңтүстігін толық бақылауға алу. Бұл бізге Қырымға өту жолын құруға және Украина экономикасының маңызды бөлігіне әсер етуге мүмкіндік береді. Украинаның оңтүстігін бақылау Приднестровьеге (Молдавияның шығысы мен Украинаның батысы арасындағы ресейшіл автономиялық аймақ) тағы бір жол ашады», - деп хабарлады.