Мехди Тареми әлемдегі үздік 8 шабуылшының қатарына кіреді
Сәу 23, 2022 13:18 Asia/Almaty
Иран ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы және Португалияның «Порту» клубының ойыншысы әлемнің үздік шабуылшылары тізіміне енді.
Иран ұлттық құрамасының шабуылшысы Мехди Тареми осы маусымда Португалия Премьер-лигасында «Портумен» бірге ерекше ойын көрсетті. Тареми осы маусымда Португалия лигасында «Порту» үшін 28 ойында 18 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Ирандық жұлдыздың бұл ерекше статистикасы оны осы маусымда әлемнің беделді лигаларындағы ең үздік шабуылшылардың біріне айналдырды. Орта есеппен әр ойынға 1,09 ұпай жинаған Мехди Тареми 7 беделді әлемдік лигада осы маусымның үздік шабуылшылары арасында сегізінші орынға тұрақтады.