Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Израильдің Құдсты басып алуын тоқтатуға шақырды
Сәу 26, 2022 14:07 Asia/Almaty
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) сионистік режимнің толық басып алуын тоқтату және ел астанасы Құдспен Палестина мемлекетін құру қажеттігін қуаттады.
Al-Khaleej Online сайтының хабарлауынша, ИЫҰ сейсенбі күні басып алынған Құдс қаласының тарихи және құқықтық мәртебесін өзгерту әрекеттерін айыптап, басқыншы режимнің қала мәртебесін өзгертуге бағытталған әрекеттерінің заңсыздығын қуаттады. ИЫҰ Батыс Азиядағы бейбітшілік Палестинаны басып алудың аяқталуымен басталатынын айтып, басқыншы режимді Құдс қаласын аннексиялауды тоқтатуға шақырды.