Украинадағы соғыс 70-ші күнге аяқ басты
Украинадағы соғыс 70-ші күнге аяқ басып, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.
Мариупольді толық жаулап алуға ден қойған Ресей үш күнге атысты тоқтату бітімін жариялап, «Азовсталь» болат зауытында гуманитарлық дәліз жасап, бейбіт тұрғындарды эвакуациялайтынын хабарлады.
Басқа жағынан Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы: «Украина мен басқа елдер соғыстағы жағдайды, Қырымның Ресейге қосылғанын және Донецк пен Лугансктың тәуелсіздік алғанын қабылдауы керек»,-деді.
Захарова Финляндия, Швеция мен батыстық көршілерге тағы да ескерту жасап: «НАТО-ға қосылған жағдайда бұл екі ел НАТО мен Ресей арасында текетірес алаңына айналады»,-деді.
Euronews мұнай терминалдары бомбаланғаннан кейін Украинада жанармаймен қамтамасыз етуде қиыншылық туғанын хабарлап: «Бұл елде бензин тапшылығы болуы мүмкін»,-деп жазды.