АҚШ Вена келіссөздерінде ұзақ үзіліс туғызды
ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде АҚШ-тың барынша қысым көрсету қате саясатын Вена келіссөздеріндегі қазіргі жағдайға себепші деп атады.
ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан жұма күні кешке БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесуінде Иран мен АҚШ арасындағы Еуроодақ арқылы хабарлама алмасудың жалғасуына сілтеме жасады және АҚШ Сенатының Иранға қарсы соңғы қарарын сынап: «Тұрақты, күшті және әділ келісімге қол жеткізу үшін АҚШ үкіметі өткендегі қате ұстанымының орнын толтыру үшін шынайы және батыл шешім қабылдау қажет»,- деді.
2021 жылдың 27 желтоқсанында басталған санкциялар бойынша келіссөздердің сегізінші раунды ЕО сыртқы саясат басшысы Джозеф Борреллдің ұсынысымен 2022 жылдың 11 наурызында тыңығу кезеңге енді және келіссөзге қатысушылары саяси консультациялар үшін астаналарына оралды.
Кепілдіктер мен жеке және заңды тұлғаларды қызыл тізімнен және санкциялар жиынтығынан шығару – АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін бұзушы ретінде шешу үшін қажетті саяси шешім қабылдамаған мәселелер. Вена келіссөздері Вашингтонның бірқатар маңызды мәселелер бойынша саяси шешімін күтіп отырған жағдайда, АҚШ Сенаты жақында ИИР-ның Орталық банкіне қарсы санкцияларды сақтау, сондай-ақ исламдық күштерге қарсы санкциялардың жойылуына жол бермеу жоспарын жариялады. Сондай-ақ Джо Байден үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуы мүмкін болған жағдайда Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы санкцияларды алып тастамауға бағытталған жоспарды бекітті. Халықаралық істер жөніндегі сарапшы Ханиф Ғафари демократиялық және республикалық партиялардың сенаторларының Иранға қарсы осы жобаны мақұлдаудағы одақтасуын олардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына шынайы қайтпау тактикасына табанды екенін айқын көрсетеді. Жоба бойынша, Иранға қарсы санкцияларды алып тастауды кейінге қалдырудан басқа ешқандай әрекет жасалмауы керек. Басқа жағынан, Вена келіссөздерінде келісімге келу АҚШ-тан артық кетуден тартынуды және бұл елдің өзіне деген сенімділікті тудыруды талап етіп отырған жағдайда, АҚШ санкцияларды жалғастырып, қосарлы дипломатия саясатын қолданып, Иранға барынша қысым жасауда. Иранға қарсы санкцияларды қолданудың жалғасуы, АҚШ-тың келіссөздердегі саботажының жалғасуы және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс талаптары Вашингтон шенеуніктерінің бұрынғы үкіметінің (Дональд Трамп үкіметінің) сәтсіз саясатын жалғастырып жатқанын және олардың бұрынғы қате ұстанымдарының орнын толтырып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға әлі де қажетті саяси ерік-жігерінін жоқтығын көрсетеді.