Жүздеген Чехия азаматы Украинаға әскери техника жіберуге қарсы шықты
Жүздеген чех бұл елден Украинаға әскери техника жөнелтілуіне наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Шеру жексенбі күні Праганың алаңында 500-ге жуық адамның қатысуымен өтті. Наразылық білдірушілер Чехия үкіметін Украинадағы оқиғалардың шыңдығын жасырды деп айыптады. Шерушілер Еуропалық Одақ пен НАТО-ның Ресеймен қауіпсіздік кепілдігі туралы келіссөздерден бас тартуына да наразылық білдірді. Сәуір айының соңында чех ақпарат құралдары бұл елдің Украинаға 3 миллиард долларға жуық әскери көмек жібергенін хабарлады. Батыс елдері, әсіресе Америка Құрама Штаттары соңғы жылдары Украина үкіметіне кең көлемде қаржылық және әскери қолдау көрсетті және қақтығыс басталғаннан бері жалдамалы әскерлерді қамтамасыз етуді жалғастырды.