Әзірбайжан халқы Иранның мәдени өнімдерін құшақ жая қарсы алды
Әзірбайжан тәуелсіздік алғаннан бергі соңғы отыз жылда Иранның мәдени өнімдерді, соның ішінде ирандық фильмдер мен телехикаялар бұл елде әрдайым үлкен аудиторияға ие болды.
Қасиетті Рамазан айында Әзірбайжанда ирандық фильмдер мен сериалдардың қайта көрсетілуін солтүстік Арастың мұсылман халқы тағы да қолдады. Соңғы айларда Иран мен Әзірбайжан телебағдарламаларды шығару мен тарату және ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы бірнеше құжатқа қол қойды.
Осыған байланысты AzTV мемлекеттік желісінің басшысы Ровшан Мамедов: «Иран жалпы жаңалықтар, ақпарат, кино және теледидар өнімдері саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен ел. Сондықтан, ИИР Радио және теледидары мен Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік теледидары арасында екі елдің ақпарат құралдарының дамуы тұрғысынан өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы екі елдің өнер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктер береді»,- деді. AzTV мемлекеттік желісінің басшысы сондай-ақ: «Әзірбайжан Республикасының мақсаты – Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынастар үшін бар жағдайды тиімді пайдалану және екі ел арасындағы ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты дамыту»,- деп сөзін жалғады.
Қасиетті Рамазан айында осы телевизиялық желіде Әзірбайжан желісі көп жыл бұрын көрсеткен «Хазірет Юсуф пайғамбар (с.ғ.с.)» діни-тарихи сериалы қайта көрсетілді. Осыған орай Әзірбайжан астанасындағы маңызды кинотеатрларда «Аяқ киімім қайда» және «Рим ханзадасы» фильмдері көрсетілді. Әзірбайжанның медиа сарапшылары осы мұсылман елінің БАҚ пен халқының ирандық телевидение мен кино туындыларын қарсы алуының себебін қоғамның жүрегінен шыққан әлеуметтік оқиғалар деп бағалайды. Әзірбайжан республикасының мұсылман халқының рухани, діни және әлеуметтік құндылықтар сияқты құрамдас бөліктерге баса назар аударуы мен қалауы ирандық фильмдер мен сериалдардың осы елдің көрермендері мен өнерпаздарының құптауына себеп болды. Сонымен қатар, «Иран сериалдары» Иранның бай мәдениетінен бастау алады. Бұл Иранның мәдени және кинематографиялық туындыларын кез келген арсыздық пен ұятсыз көріністерден аулақ етеді. Сондықтан Әзірбайжан БАҚ сарапшылары бұл ел халқының ирандық телехикаялар мен фильмдерді қарсы алу себебін дөрекіліктен алшақ, шынайы тарихи және діни тақырыптары бар, сондай-ақ Иран мен Әзірбайжан арасындағы мәдени және әлеуметтік ортақтықтар деп санайды. Әзірбайжан БАҚ сарапшысы Гольнаре Иманова ханым: «Иран әрқашан тарихи және діни мәселелерді талқылауда және кино саласында діни сериалдар шығаруда алдыңғы қатарда болды»,- деді.
Өндіріс сапасы мен ирандық өнерпаздардың БАҚ істеріндегі, әсіресе кино мен теледидардағы қабілетінен басқа сарапшылар Әзірбайжан мұсылман халқының ирандық сериалдарды қарсы алуының негізгі және шынайы себептерінің бірі ретінде көршілес екі елдің халықтарының тарихи, мәдени және діни ортақтығы бар екенін айтады.