Ауған мигранттарға көмектесу үшін Иранға халықаралық қолдау керек
(last modified Sun, 22 May 2022 16:46:13 GMT )
Maм 22, 2022 22:46 Asia/Almaty
  • Ауған мигранттарға көмектесу үшін Иранға халықаралық қолдау керек

Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Еуропа елдері мен халықаралық ұйымдарды Ауғанстаннан мигранттарды қабылдау үшін Иранға көмектеспеді деп сынады.

Сейіт Маджид Мирахмади сенбі күні Теһранда Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары Велислава Петровамен кездесуінде Ауғанстанда болған соңғы өзгерістерден кейін осы елден босқындардың Иранға ағылғанына тоқталып: "Иранда 5 млн-нан аса ауған мигрант тұрады. Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын көптеген елдерге керісінше, ИИР адамгершілік қатынас көрсетіп, босқындарды қабылдады",-деді.

Иранның Ауғанстаннан мигранттар қабылдап жатқанына қырық жылдан асты. Ауғанстандағы соңғы өзгерістер осы елден Иранға ауғандықтардың жаңа толқынының ағылуына себеп болды. ИИР зұлым санкциялардан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, халықаралық көмек болмаса да, ауған мигранттардың кіруіне кедергі жасамады.

Ал бұл жағдайда БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты Иранның ауған мигранттар үшін жұмсаған қаражатының мыңнан бірін ғана төледі. Кейбір елдерде мигранттар саны аз болса да, халықаралық ұйымдардан көбірек қаражат алды.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариатының Ирандағы мигранттар істері жөніндегі басшысы Иво Фрисен бұдан бұрын қазіргі таңда БҰҰ-ның Иранда ауған мигранттардың қажеттіліктерін өтеу үшін бөлген көмекақы көлемінің ақ болғанын мойындап: "Иран халық мен үкіметі көбірек қолдау білдіреді. БҰҰ-ға мүше елдер халықаралық ұйымдардың мигранттардың мәселелерін қарастыру үшін бөлінетін қолдау көлемін азайту туралы шешім қабылдайды",-деді.

Иран Ауғанстанға көршілес ел және осы исламдық елмен ұзақ шекараға ие ел ретінде осы елдегі өзгерістерді жіті бақылайды. Аймақ пен әлемдегі кейбір ойыншыларға керісінше, осы мұсылман елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды өз жеріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаумен тең деп санайды. Иран халқымен мәдени, тарихи және діни жақындығы бар ауған мигранттар осы күнге дейін Иран азаматтары сияқты осы елдің үкіметі ұсынатын барлық қызметтер мен мүмкіндіктерді пайдаланады.

Осы негізде ИИР Еуропа елдері мен БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардан Иранда тұраты босқындардың мәселелерін қарастыру үшін ИИР үкіметіне жан-жақты қолдау көрсетіп, көбірек қаражат бөлуде жауаптырақ болуды сұрады.  

Тегтер