Финляндияда НАТО туы өртелді
Maм 23, 2022 16:30 Asia/Almaty
Финляндияда бір журналист НАТО-ның туын өртеді.
Финляндиядағы Тәуелсіз журналистер одағының басшысы Жуха Корхонен осы елдің астанасы Хельсинки қаласының ортасында НАТО туын өртеп: "Финляндия халқының көбі бұл елдің НАТО-ға қосылуына қарсы",-деді.
Жуха Корхонен, сондай-ақ: "НАТО Финляндияда қауіпсіздіктің артуына себеп болмайды",-деді.
Финляндиялық журналист: "Елде адамдардың көбі НАТО-ға қарсы. Өйткені бұл альянс Ресеймен текетіресті күшейтіп отыр",-деді.
Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастағаннан бері Финляндия мен Швециядағы қоғамдық пікір НАТО-ға қосылуға қатты ынта білдіріп отыр.