Maм 26, 2022 20:15 Asia/Almaty
  • Грекия елшілігінің уақытша сенімді өкілі Иранның СІМ-ге шақыртылды

Грекия суларында Иран туымен жүрген кеме тәркіленгеннен кейін Теһранда Грекия елшілігінің уақытша сенімді өкілі Иранның СІМ-ге шақыртылып, оған ИИР үкіметінің наразылығы жарияланды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің Жерорта теңізі департаментінің басшысы Грекия елшілігінің уақытша сенімді өкілімен кездесуінде Грекия үкіметінің халықаралық міндеттемелерге берік болу керегін ескертіп, техникалық ақауға байланысты Иран туымен жүрген кеменің шұғыл түрде тоқтағанын ескеріп, АҚШ-тың заңсыз қысымдарына бас июді қабылдауға келмейтін іс деп айыптап: "Иран туымен жүрген кемені басып алу – халықаралық қарақшылықтың бір үлгісі. Бұған Грекия үкіметі мен заңсыз басып алушылар жауапты болады",-деді.  

Грекия елшілігінің уақытша сенімді өкілі де осы кездесуде: "Иран үкіметінің наразылығын өз үкіметімізге шұғыл түрде жеткіземіз",-деп мәлімдеді.  

Тегтер