Маврикийде ұсталған 9 ирандық балықшы босатылды
Маусым 03, 2022 14:23 Asia/Almaty
140 күннен кейін Иранның Мадагаскардағы елшілігі мен Маврикий Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Иранның тоғыз балудж теңізшісі мен балықшысы босатылып, Үнді мұхиты арқылы Иранға аттанды.
Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, балықшылар аумақтық суларға кіріп, есірткі тасымалдады деген айыппен Маврикийде шамамен 140 күн қамауда болды. Мадагаскардағы Үнді мұхиты елдеріндегі Иран елшісі Хасан Әли Бахши: «Маврикий шенеуніктері, әсіресе бұл елдің Сыртқы істер министрі бұл мәселеде тамаша ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, отандастарымыздың оралуы үшін отын, тамақ және суды тегін қамтамасыз етті»,- деді.