Солтүстік Корея жаңа зымыранды сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i61560-Солтүстік_Корея_жаңа_зымыранды_сынады
Оңтүстік Корея мен Жапон басшылары Солтүстік Кореяның бір немесе бірнеше зымыран атқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 05, 2022 14:17 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея  жаңа зымыранды сынады

Оңтүстік Корея мен Жапон басшылары Солтүстік Кореяның бір немесе бірнеше зымыран атқанын хабарлады.

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Корея әскерилері жексенбі күні Солтүстік Корея өзінің шығыс жағалауына кем дегенде бір баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Жапон басшылары да Солтүстік Кореяның Шығыс теңізге бір немесе бірнеше белгісіз баллистикалық зымыран жібергенін айтты. Рас болса, Пхеньянның бүгін зымыран ұшыруы Солтүстік Кореяның 2022 жылғы 18-ші сынағы. Оңтүстік Корея мен АҚШ осы аптада Окинава маңындағы Шығыс Азия суларында бірлескен оқу-жаттығу өткізетінін хабарлады.