Нигерияда шіркеуде 50 адам қаза тапты
Маусым 07, 2022 09:56 Asia/Almaty
Нигерияның оңтүстік-батысындағы католик шіркеуіндегі жарылыс пен қарулы адамдардың оқ атуынан кем дегенде 50 адам қаза тапты. Ондо губернаторы Олуваротими Акередолу шабуылды зұлымдық деп атаған мәлімдемесінде қауіпсіздік күштерін шабуыл жасағандарды табуды талап етті. Жергілікті саясаткердің бірінің айтуынша, қаза тапқандар арасында балалар да көп.