Амир Абдуллахиан: Иран атом бомбасын жасауды қаламайды
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР дұшпандардың қысымына қарамастан өзінің исламдық принциптері мен негіздерін берік сақтайды, сондықтан атом бомбасын жасауды қаламайды»,-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Үндістанның мұсылман ғалымдарымен кездесуінде: «Батыс елдері, өздерінің мойындауынша, ядролық келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты барлық қиыншылықтарға көңіл аудармай-ақ қоя алады, бірақ керісінше ИИР-дан Палестинаны қолдау мәселесін жауып қоюды сұрайды»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Палестина халқын қолдау және мұсылмандардың бірінші құбыласын азат ету – барша мұсылмандардың діни міндеті. ИИР Израильді ресми түрде танымайды»,-деді.