Раиси: Венесуэла үшін жасалған ирандық танкер қарсыласу экономикасының тиімді екенін дәлелдеді
(last modified Sun, 12 Jun 2022 10:59:12 GMT )
Маусым 12, 2022 16:59 Asia/Almaty
  • Раиси: Венесуэла үшін жасалған ирандық танкер қарсыласу экономикасының тиімді екенін дәлелдеді

Иран Президенті: «Ирандық танкерді Венесуэлаға тапсыру күрескер ұлттардың ерік-жігерінің америкалық санкциялардан мықтырақ әрі тиімдірек екенін көрсетті»,-деді.

Иранның «Садра» теңіз өнеркәсібі компаниясының Венесуэланың тапсырысымен жасаған екінші Aframax танкері сенбі күні Иран Президенті Ибраһим Раиси мен Венесуэла Президенті Николас Мадуроның қатысуымен осы елдің мұнай компаниясына тапсырылды.

Раиси: «Иран мен Венесуэланың дұшпандары зұлым санкциялар салып, көптеген шектеулер қойып, осы екі елдің азат халықтарының дамуына тосқауыл қоюға талпынып жатқан шақта ирандық инженерлер мен кеме жасаушылардың қолынан шыққан 113 мың тонналық танкердің Венесуэлаға табысталуы Иранның әлемге инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттауда жоғары әлеуетке ие екенін көрсетумен қатар, қарсыласу экономикасының тиімді екенін дәлелдеді»,-деді.

Тегтер