Хатибзаде: Ешбір ирандық ұшақ тәркіленген жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i61754-Хатибзаде_Ешбір_ирандық_ұшақ_тәркіленген_жоқ
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Iran Press-тің "Аргентина үкіметі бір ирандық ұшақты тəркіледі ме?" деген сұрағына жауабында: "Ирандық компанияларға тиесілі бірде-бір ұшақ тəркіленген жоқ",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 13, 2022 12:14 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Ешбір ирандық ұшақ тәркіленген жоқ

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Iran Press-тің "Аргентина үкіметі бір ирандық ұшақты тəркіледі ме?" деген сұрағына жауабында: "Ирандық компанияларға тиесілі бірде-бір ұшақ тəркіленген жоқ",-деді.

Аргентина үкіметі жуырда Буэнос-Айрес əуежайында Boeing 747 ұшағын тəркіледі.Саид Хатибзаде дүйсенбі күні: "Mahan əуе компаниясының мəлімдеуінше, бұл ұшақтың бір венесуэлалық компанияның меншігіне өткеніне бір жыл болды. Оның экипажы - басқа елдердің азаматтары.

Хатибзаде: "Мұндай ақпараттарды таратудың мақсаты - қоғамдық пікірге психологиялық тұрғыдан əсер ету",-деді.