Хатибзаде: Ешбір ирандық ұшақ тәркіленген жоқ
Маусым 13, 2022 12:14 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Iran Press-тің "Аргентина үкіметі бір ирандық ұшақты тəркіледі ме?" деген сұрағына жауабында: "Ирандық компанияларға тиесілі бірде-бір ұшақ тəркіленген жоқ",-деді.
Аргентина үкіметі жуырда Буэнос-Айрес əуежайында Boeing 747 ұшағын тəркіледі.Саид Хатибзаде дүйсенбі күні: "Mahan əуе компаниясының мəлімдеуінше, бұл ұшақтың бір венесуэлалық компанияның меншігіне өткеніне бір жыл болды. Оның экипажы - басқа елдердің азаматтары.
Хатибзаде: "Мұндай ақпараттарды таратудың мақсаты - қоғамдық пікірге психологиялық тұрғыдан əсер ету",-деді.