Оңтүстік Корея АҚШ қысымымен бұғатталған Иран активтерін босатудан бас тартуды жалғастыруда
(last modified Tue, 14 Jun 2022 10:14:05 GMT )
Маусым 14, 2022 16:14 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея АҚШ қысымымен бұғатталған Иран активтерін босатудан бас тартуды жалғастыруда

Оңтүстік Корея Иран активтерін босатуды Вена келіссөздерімен байланыстырды.

Оңтүстік Корея басшыларының соңғы жылдары Иранның бұғатталған активтерін босатуға тырысу туралы уәделеріне қарамастан, Сеул өзінің сыртқы байланыстары туралы тәуелсіз шешім қабылдай алмады. Вашингтонға барған Оңтүстік Кореяның жаңа сыртқы істер министрі Пак Чин америкалық әріптесімен өткізген баспасөз мәслихатында: «Иранның елдегі бұғатталған активтерін босатуға кедергілер бар»,- деді.

Оңтүстік Кореяның екі банкіндегі Иранның жалпы сомасы 7 миллиард долларлық активтері АҚШ-тың Сеулдің Иран мұнайының импортына санкция салу сылтауымен 2019 жылдың қыркүйегінен бері бұғатталды.