АҚШ мектептерінде өлімге әкелген атыстан кейін оқ өткізбейтін жилеттердің сатылымы артты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i61852-АҚШ_мектептерінде_өлімге_әкелген_атыстан_кейін_оқ_өткізбейтін_жилеттердің_сатылымы_артты
АҚШ-тағы бөлшек саудагерлер мен оқ өткізбейтін жилет өндірушілері жақында Техас, Буффало және АҚШ-тың басқа да бірнеше штаттары мен қалаларындағы адам өліміне әкелген атыстардан кейін оқ өткізбейтін жилеттердің сатылымының өскенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2022 10:52 Asia/Almaty
  • АҚШ мектептерінде өлімге әкелген атыстан кейін оқ өткізбейтін жилеттердің сатылымы артты

АҚШ-тағы бөлшек саудагерлер мен оқ өткізбейтін жилет өндірушілері жақында Техас, Буффало және АҚШ-тың басқа да бірнеше штаттары мен қалаларындағы адам өліміне әкелген атыстардан кейін оқ өткізбейтін жилеттердің сатылымының өскенін мәлімдеді.

2020 жылы 96 бала, 2019 жылы 71 бала қаза тапқан болса, өткен жылы қарулы зорлық-зомбылықтан 120 бала қаза тапты.  Жақында Техас штатындағы Йовалд қаласындағы мектепте атыс болып, кем дегенде 19 оқушы мен екі ересек адам қаза тапты.