Мадуро: Мен Ирандағы ғылыми прогрестің деңгейіне таң қалдым
https://parstoday.ir/kz/news/world-i61958-Мадуро_Мен_Ирандағы_ғылыми_прогрестің_деңгейіне_таң_қалдым
Венесуэла президенті Николас Мадуро ИИР-нан оралғаннан кейін сұхбатында Иранның ғылыми жетістіктеріне таңданысын білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 21, 2022 14:03 Asia/Almaty

Венесуэла президенті Николас Мадуро ИИР-нан оралғаннан кейін сұхбатында Иранның ғылыми жетістіктеріне таңданысын білдірді.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Николас Мадуро дүйсенбі күні әл-Маядинге берген сұхбатында Тегеранға сапарына сілтеме жасай отырып: «Біз Иранның соңғы жылдары қол жеткізген ғылым мен технология саласындағы ілгерілеу деңгейіне қатты таң қалдық»,- деді. Мадуро сондай-ақ Венесуэла мен ИИР арасындағы қол жеткізілген келісімдерге тоқталып: «Иранмен 20 жылдық ынтымақтастық келісімі мен ортақ әрекетке қол қою өте маңызды мәселе»,- деп мәлімдеді.