Қырғызстан Қазақстанмен бірлесіп бірінші күн электр станциясын салады
Маусым 27, 2022 15:03 Asia/Almaty
Ыстықкөлде 50 МВт электр станциясының құрылысының басталу ресми шарасы өтті.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, жобаны қазақстандық TGS-Construction компаниясы жүзеге асырады, оның жалпы құны 300 млн долларды құрайды. Келісімшартқа сәйкес, мердігер күн батареяларында станция және оны пайдалану үшін барлық қажетті инфрақұрылымды салуы керек. Бұл кезеңді Еуразиялық даму банкі мен қазақстандық AIFC Green Finance Center Ltd компаниясы қаржыландырады.