Доха келіссөздері; АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу мүмкіндігі
Иран мен АҚШ-тың санкцияларды жою туралы жанама келіссөздері сейсенбі күні Катардағы Еуроодақтың сыртқы саясат басшысының орынбасары Энрике Мораның арағайындығымен басталды.
ИИР-ның аға келіссөзшісі Әли Бақери Кани мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздерінің үйлестірушісі Энрике Мора сейсенбі күні Катардың астанасы Дохада кездесті.
Осы мақсатпен Дохаға келген АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Роберт Мали Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдул Рахман Әл Танимен де кездесті.
Иран мен 4+1 тобының (Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) арасындағы санкцияларды жою туралы келіссөздер Венада 2021 жылдың желтоқсанында басталып, Джозеф Боррелдің ұсынысымен 2022 жылдың наурызында тоқтатылды. Содан бері кейбір елдер, соның ішінде Катар да делдал болып, хабар алмасуға күш салды. Катар Сыртқы істер министрлігі Дохада санкциялардың жойылуына байланысты мәлімдеме жасап, келіссөздер оң нәтиже береді деп үміттенетінін білдірді. Бірақ Иран мен АҚШ-тың тікелей емес келіссөздерін қайта бастау келісімді қайта жаңғыртуға жақындау дегенді білдірмейді. Келісім енді АҚШ-тың саяси шешіміне байланысты және келісімге қол қою санкциялардың жойылуына және Иранға қолайлы кепілдіктің берілуіне байланысты. Шын мәнінде, тұрақты келісімге жеткізетін нәрсе санкциялардың тиімді жойылуы және ықтимал келісімде Иранның мүдделерінің қорғалуы болып табылады. Доха келіссөздері қарсаңында Ақ үй жауапкершіліктен бас тартып, келіссөздердің тағдырын Иранның шешім қабылдауымен байланыстыруға тырысты. Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудағы рөлін айтпай, келіссөздер добын тағы Иранға лақтырып, тұрақты талаптарын қайталау арқылы АҚШ: «Иранға қатысты айта кетейін, АҚШ-тың көзқарасы әлдеқашан айқын болды, бұл біздің Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге бел байлағанымызды білдіреді»,- деді. Демек, қазіргі Доха келіссөздері АҚШ үкіметі үшін тағы бір мүмкіндік.